Депутат Үкіметке Денсаулық сақтау министрлігінің былығын жайып салды

23 Шілде 2020, 12:25
Сурет: inform.kz

Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев Үкімет басшысын Атырауға жасанды тыныс алу аппаратын жеткізбек болған отандық өндірушінінің ұсынысынан бас тартқан Денсаулық сақтау министрлігінің әрекетіне назар аудартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы депутат Twitter-де жазды.

"ОралМедӨңір" ЖШС мәселесі бойынша ҚР Премьер-министріне хат жолдадым. Отандық тауар өндіруші компания жасанды тыныс алу аппаратын Атырауға жеткізу бойынша келісімшартқа отырды. Бірақ жеме жемге келгенде, Денсаулық сақтау министрлігі бұл келісімшартты бұзуды талап етеді, өйткені оны олар Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып алған!", - деп жазды саясаткер.

"Ақ жол" фракциясының төрағасы компанияның үндеуін де жариялады.

Ондағы мәліметтерге сәйкес, 21 шілдеде компания Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасымен 45 отандық желдеткіш құрылғысын жеткізуге келісімшарт жасасады. Алайда 22 шілдеде басқарма компания басшылығына келісімшартты біржақты бұзатылатынын хабарлайды. Сонымен бірге, басқармадағылар бұл әрекетін түсіндіруде Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына арқа сүйейді.

Кейін Перуашев Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға телефон шалғанын айтты.

- Бұл мәселе үкіметтің бақылауында. Оларда келісімшарттың құны мен бағаға қатысты мүлдем басқа цифрлар екен. Біз оны анықтауымыз керек. Негізгі міндет - елімізді 3105 жасанды тыныс алу аппаратымен қамтамасыз ету, ондай көлемі жергілікті тауар өндірушілер орындай алмайды. Біз ресми жауап күтеміз, - деп жазды Перуашев Twitter-де.

Zakon.kz редакциясы осы жайтқа байланысты ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?