Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігердің тағайындауынсыз антибиотиктер зиян келтіреді

shorouknews.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2020 16:33 shorouknews.com
Коронавирустық пневмония – вирус тудыратын ауру. Антибиотиктер – бактерияға қарсы қолданылатын дәрілер.

Бұл туралы жұқпалы аурулар бөлімінің бастығы, фтизиохирург, фтизиопульмонология орталығының пульмонологы Абзал Малбасқанов өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында айтты. Ол тұрғындарға коронавирус инфекциясын, пневмонияны өз бетімен емдемеуге шақырды, деп хабарлайды zakon.kz.

А.Малбасканов көбіне тұрғындар коронавирус инфекциясын өздері емдеуге бейім екендігін атап өтті.

"Коронавирустық пневмония – вирус тудыратын ауру. Антибиотиктер – бактерияға қарсы қолданылатын дәрілер. Антибиотиктерді қолдану арқылы иммунитетімізді әлсіретіп, денсаулығымызға зиян келтіреміз. Сондықтан үйде антибиотиктермен өзін-өзі емдеуге болмайды", - деп түсіндірді А. Малбасканов.

Инфекционист дәрігердің түсіндіруі бойынша, ауру белгілері байқалған жағдайда тез арада дәрігерге жүгіну қажет. Аурудың қалай өтіп жатқанын, қай деңгейде екендігін маман ғана анықтай алады. Қосымша клиникалық- рентгендік тексеруден өтіп, арнайы тағайындаудан кейін ғана дәрілік препараттарды қолдануға болады. Көп жағдайда осы процедуралардан өткен науқастар толық жазылуға мүмкіндік алып жатыр.

"Кейбір адамдар халықтық емдеу әдістеріне жүгініп жатыр. Оның соңы уақытты текке өткізіп алумен, асқынулармен аяқталып жатады. Кейін медициналық ұйымдарға қабылданғаннан соң емдеу шаралары басқа формада болуы мүмкін", - деді ол.

Ал ауру белгілері пайда болған жағдайда қала тұрғындарына тез арада медициналық қызметкерлеріне жүгіну қажеттігін айтамыз. Сондай-ақ, сарапшы барлық тұрғынды профилактикалық шараларды сақтауға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Сұрақтар туындаған жағдайда 1406 немесе 3000-505 нөміріне хабарласу керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: