Жаңалықтар тізбегі
0

Меладзе грузин, Мартиросян армян екені бірден білінеді. Ал қазақ қайтпек?

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2020 18:12 видеодан кадр
Рухани жаңғыру дейміз тағы. "Мөлдіріміз Малдыр, Тілекқабылымыз – Телекабель!

Көршіге қарап бой түзеген дұрыс па? Тәжікстан парламенті өз халқының тегін ұлттық негізде жазу туралы заң жобасын мақұлдады. Бұл мәселенің біздің елде талқыланып келе жатқанына 30 жылға жуықтапты. Бірі фамилиясына жалғанған "ов", "ова"-дан бас тартса, екіншілері құжаттың машақатын ойлап бұл істі кейінге шегеріп келеді. Рухани жаңғыру дейміз. Аты жөніміздің өзі дұрыс жазылмай келе жатқанда, өзгесіне не қайыр?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Меладзе деген грузин, Мартиросян деген армян екені бірден білінеді. Міне, көрші тәжік елі де тектеріне өздеріне тән "-зода", "-иён" деген сияқты жұрнақтар жалғануы керек дегенді заңды тұрғыда бекітуде.

Біздің ұлтқа ортақ болатын осындай бастаманың үлгісі қайсы деген сауалды Дәулеткерей Кәпұлына қойдық.

Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, ҚР жазушылар одағының мүшесі:

"Советтік кезеңде, сол жүйеде бізде қазақта Бауыржан Момышұлы "ұлы" деп жазып өткен. Қазір әркім өзінің жүрек қалауы бойынша "ов", "ев"-тен арылып жатқандар өте көп. Ұлы мен қызы сол құлағына сіңісті. Жалпыхалықтық сипат алды. Меніңше осы қалғаны дұрыс деп ойлаймын".

Парламент өкілі Мұрат Бахтиярұлын әңгімеге тарттық. Сенатордың өзі 2011 жылы Мұхамедов тегін Бахтиярұлы деп ауыстырған. Депутаттың айтуынша азаматтар уақыты келе аты жөнін қазақы жазуға машықтанады.

Мұрат Бахтиярұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

"Бір ұрпақ ауысқан кезде біздің азаматтарымыздың 100 пайызы "ов", "ев"-тен айырылатын болады. Қазір оны заңмен күштеп Тәжікстан сияқты. Барлығына бірдей ұлына не қызына шық деп қазір демократиялық қоғамда ол келмейді. Ол бірте-бірте келеді".

Алайда құжаттан "ова", "ова", "вич" дегенді алдырып тастау үшін қайтсе керек?

Бағыжан Салменова, қалалық Әділет департаментінің тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің бас маманы:

"Бұрын мұндай барлық өтініштерді жергілікті тұратын жері бойынша АХАЖ орындарына беретін болса, осы 2019 жылдың қарашасынан бастап кодекске енгізілген өзгерістерге байланысты мұндай арыздарды барлық жерлерде, барлық АХАЖ орындарында бере береді".

Сөз күйінде оңай көрінеді. Алайда орыс тіліндегі жұрнақтан құтылмақ болған азаматтарды тыңдасақ, бәрі жылдам шешілмейді.

Дәмелі Ідіріс, қала тұрғыны:

"Есімімді толығымен қазақ тіліне ауыстыруды ұйғардым. Бірақ бұл оңайға соқпады. ХҚКО қызметкерлері ауыстырып бере алмайтындарын айтты. Кейін басшылыққа хат жазып, туу туралы куәлігімді қазақ тіліне ауыстырып, 3 айдан кейін төлқұжатымды қолыма алдым".

Жеке куәлікті аларсың. Азаматтарда одан бөлек құжаттар жетіп артылады. Көлік жүргізу куәлігі, төлқұжат, банк карточкалары деп кете береді. Мұндай жағдайда Ішкі істер министрлігінен бір жапырақ анықтама алса жеткілікті екен.

Жанболат Шәкім, журналист:

"Маған ақыл айтушылар көп болды. Ертең бүкіл құжатыңды ауыстырасың деп. Бірақ бұл мені тоқтата алмады. Мен ІІМ арнайы анықтама алдым. Бұрын осы текте болған деген. Соны көрсеттім сұраған жерге. Ол мен үшін үлкен мәселе емес".

Тегіңді қазақшалап "ұлы", "қызы" деп жаздырсаң, не "ов", ова" жұрнағын алып тастаудың шаруасын бүгін шешкеніңмен, ертеңгі күні бұл өзгеріс тағы бір мәрте мазаны алуы мүмкін.

Абзал Бекбосынов, адвокат:

"Зейнеткерлікке жақындап шыққан кезде тегін ауыстырған қиындыққа тудырады. Неге десеңіз олардың осы күнге дейін жинақтаған қаржысы "ов", "овамен" келе жатып кейін тегін ауыстырғанда көптеген қағаз, машақат тудырады. Мұны да ескерген дұрыс".

Оразгүл Асанғазы, мемлекет және қоғам қайраткері:

"Зейнетке шықтым. Шыққанға дейін жинақтағы ақша Асағазиевада жинақталса мен Асағазы болғанда меннен ешкім сұраған жоқ. Сұрауға қақысы да жоқ! Жарлықта оңайлатылған деген сөз бар".

Бұл қандай құжат? 1996 жылдың 2 сәуірінде "Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді бекіту тәртібі туралы" жарлық шыққан. Міне, кез келген қазақ азаматы осыған сүйене отырып тегін өзгерте алады.

Осы жерде тағы бір мәселенің төбесі көрінеді. Ол қазақы есімдердің қате жазылуы. Қоғам қайраткері бұл шаруаны реттеу үшін атқарушы билік әрекет етуі керек, дейді.

Оразгүл Асанғазы, мемлекет және қоғам қайраткері:

"Мөлдірің Малдыр, Бахтиярың Бәктиер, Тілекқабылың Телекабель! Міне, осыған келгенде хал актілерін тіркеу бөлімдері көп құжат талап етеді, метіркесі басқасы. Міне, осыны да оңайлататын біз жарлық дайындауымыз керек. Міне осы жерді жөндеуіміз керек. Тәуелсіздігіміздің 30 жылын тойлайын деп отырмыз. Осы жылдарда жеке басымыздың, мысалы рухани жаңғыру дедік. Рух қайдан жаңғырады?! Рух өзіңнің қазақ екеніңді білгенде, тегіңді танығанда, ата тегіңді таза өзіңнің қазақ тіліңде таза, сауатты жазғанда рух жанданады".

Ел егемендік алғалы айтылып келе жатса да, бірізділік таппаған ұлттың бір мәселесі осы. Бәлкім, тәуелсіздіктің отызыншы жылында өзгеріс болатын шығар. Тағы бір жарлық қабылданып, қағазбастылық тыйылса, халық өзі-ақ тегін қазақшалап алар деген үміт бар.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: