Лукашенко да адам. Ол да коронавируспен бір ауырып тұрыпты

Беларус президентінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2020 04:25 Беларус президентінің баспасөз қызметі
"Ауырып жатуға уақыт жоқ менде". Ауруды "жүре жүріп" жеңіп шығыпты.

Кезінде "коронавирус жоқ", "жүз грамм арақ ішіп, шошқаның салосын (майлы етін) жеп, хоккей соқсаң, коронавирус саған жоламайды", деп журналистер алдында "көп сөйлеп" қойған Беларусь президенті Александр Лукашенко енді коронавируспен ауырып шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды, zakon.kz.

Оның сөзінше,

оның коронавирусы "симптомсыз" өтіп, ол кеселді "аяғынан тік тұрып" жүрген күйі "жеңіп" шыққан екен.

  • Қазірге дейін Белоруссияда коронавирус жұқтырудың 67 251 жағдайы тіркелген. 538 адам коронавирустан көз жұмды.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: