Жаңалықтар тізбегі
0

Шымкентте кәсіпкерлерден пара алған жеті шенді сотталды

Ақ Жайық, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 16:48 Ақ Жайық
16 кәсіпкерлік субъектінің бұзылған құқығы қалпына келтірілді.

Біз бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша жобаны жүзеге асырып жатырмыз (Protecting Business and Investment). Ол қолайлы бизнес ортаны құруға, әкімшілік кедергілерді жоюға және бизнеске көмектесуге бағытталған. Бұл туралы биылғы жартыжылдық жұмыс қорытындысын жариялаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали онлайн-брифинг барысында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бүгінгі таңда Департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау бойынша шамамен 61 млрд теңгенің 32 инвестициялық жобаны (6 шетелдік инвестордың қатысуындағы) қамтыды, - деді Асхат Жұмағали.

Кәсіпкерлікті қорғау аясында 16 кәсіпкерлік субъектінің құқықтары қалпына келтірілді, олардың қызметіне заңсыз араласқаны үшін 7 лауазымды тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Мысалы, Үмбет аудандық мәдениет бөлімі басшысының орынбасары сотталды. Ол кәсіпкерден оқу бизнес-семинарын өткізгені үшін 300 мың теңге тұратын тұрмыстық техника түрінде заңсыз сыйақы алды. Әл-Фараби ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің бастығына кәсіпкерлерден кедергісіз сауда және жалпы сырттай қолдау үшін пара алып (10 мыңнан 65 мың теңгеге дейін), айыппұлмен құтылды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау комитетінің аумақтық инспекциясының мемлекеттік санитарлық инспекторы Арапов 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ол сонымен бірге қала базарларына мал өнімдерін әкелген кезде санитарлық сертификаттар үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: