Жаңалықтар тізбегі
0

Қытайдан тауар алдырып, кәсіп қылам деген қазақтар алданды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.07.2020 19:38 видеодан кадр
Тапсырыстың талқаны шықты.

Қытайдан тауар алдырып, кәсіп ашам деген көпшіліктің көңілі су сепкендей басылды. Логистикалық компанияға соңғы тиынын санап беріп, арнайы курстан өтіп, кәсіпкер болам дегендердің арманын көзі қысық көршілер көп көрді. Көптен күткен тауарды күтіп алып, қорабын ашып қалғанда ішінен шыққаны я сынық, я қисық. Тауары тіпті келмегендері де бар. Алыпсатарлықпен алға шығам деп үміттенген отандастарымыз қазір салған ақшамды қалай қайтарам деп қалды, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қытайдан тауар әкеліп, көп-көрім кәсіп ашуға болады" деген жарнаманы ғаламтордан көрген көпшілік қуана кіріскен. "Қыран" логистикалық компаниясының алдымен онлайн курсына 20 мың теңге беріп қатысып, кейін алғашқы тапсырыстарын беріпті. Алайда, ұзаса 30 тәуліктің ішінде келеді деген заттар алғашқыларының қолына үш айдан кейін бірақ берілсе керек. Қалтадан шыққан қаражат құр кетпеді дегендері енді сапасы мен таңдаған тауарына наразы.

"Қытайша білеміз, сапасы жақсы, оқытқанда да солай айтқан. Сапасының бәрін эксперт қыздар өздері тексеріп береді. Бәрі жақсы болады. Өзіміз жауапкершілікке аламыз. Ең бірінші салған кезде тауарым басқа біреудің тауарын салып жіберді. Одан қайтадан қайтарылып, екінші рет өзімнің тауарым келді".

Еліміз бойынша бір курста шамамен 150-ден астам адам оқыпты. Барлығы жақсы істің жемісін көруге ынтызар болғандар. Алайда, әлі де болса тауарына қол жеткізе алмай жатқандары бар екен. Жағымсыз пікірлерді желілерінен көрсетпес үшін, парақшаларын да бұғаттап тастаған, дейді.

Зүлфия, қала тұрғыны:

"Біреулердің алған дұрыс тауарларын видеоға салып қояды да міне тауар келіп жатыр дейді. Біз тағы да сенеміз. Сонымен міне, август болды. Бірақ, бізден кейінгі адамдарды интернет арқылы оқуға шақырып жатыр. Біз оны көріп жатырмыз. Сайттарын да көрдік, таптық. Соған біз жазып жатсақ, комментарий жазбайтындай етіп інстаграм парақшаларын аккаунттарын жауып тастаған".

Көптің күйттеген мәселесінің анық-қанығына жету үшін логистикалық компанияға ат ізін салдық. Алайда, ондағылар ақпаннан бастап шекара жабылып, тауарлардың кешігіп жатқанын жеткізді. Қытайдағы зауыттар да бір жерде орналаспағандықтан әрқайсысы әртүрлі мерзімде келеді, дейді. Бірақ, қазір барлық тауарларды беріп жатырмыз деп сендірді.

Жігер Заңғар, "Қыран" логистикалық компаниясының қоймасына жауапты қызметкер:

"Кей кісілер айтады да, сапасы нашар ұнамайды деген сияқты. Ал, енді міне мынау орамал. Мұны клиент өзі таңдап берді. Біз таңдап айтқанымыз жоқ сен мынаны ал, сапасы жақсы келеді деп. Өйткені, зауыттан келгеннен кейін қолыма ұстап тұрғаным бірінші рет. Сабақ өтілген кезде айтылды 30 күн, 25 күннен ары 30 күн деп. Ал, карантинді біз жасаған жоқпыз ғой қазір".

Егер тауар 30- 45 күннің ішінде келмесе, тұтынушының ақшасын қайтарып алуына болады екен. Бірақ, мұның барлығы зауыттардың берген жауабынан кейін ғана. Енді жұрттың ақшасын қайтару үшін зауыттарға шығып жатырмыз дейді. Ал, тұтынушылардың құқығын қорғаушылар тек, сенімді сайттарға ғана тапсырыс беруге шақыруда.

Артық Сейітқалиева, "Адал" тұтынушылар құқығын қорғау қоғамдық бірлестігінің төрайымы:

"Біздің сайт болса бермесе, ақшасын қайтарып бермесе алаяқтық әрекет қой ол. Онда полицияға жазуларына болады. Дұрыс сайттар болса тексерілген сайттар болса онда олар әрине өздерінің талаптарын жазса олар ауыстырып та береді, ақшасын да қайтарып береді. Ал қазір алаяқ сайттар өте көп болып кетті ғой".

Кәсібі нәсіп болмағандар енді логистикалық компаниядан бір жауап күтуде. Егер, тауары келмесе, зауыттың жауабынан кейін ақшаларын кері қайтарып алуларына мүмкіндік бар. Сонымен қатар, желіде көздің жауын алып, байлыққа кенелесің деген жарнамаларға көпшілікті алданбауға шақыруда.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: