Жаңалықтар тізбегі
0

Ақша алу үшін дәрігерлер Damumed-ке 13 500 жалған науқас тіркеген

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.08.2020 17:37 видеодан кадр
ҚР ДСМ ресми өкілі Бағдат Қожахметов Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында деректермен бөлісті.

Damumed қосымшасы айналасындағы дау әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, жүйеге жалған науқастардың көптеп тіркелуі, дәрігердің қабылдауында болмаған адамдардың жүйедегі деректерге сай, дәрігер қабылдауында болды деп көрсетілуі қоғамда резонанс тудырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы тақырып төңірегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Еуразия бірінші арнасындағы Basty Prime бағдарламасында деректермен бөлісті.

"Осы 2020 жылдың 6 айында 13500 мың факт анықталды.Әлеуметтік желіде көтерген мәселенің арқасында ғана емес, ДСМ және медициналық сақтандыру қорының арнайы мониторинг жасайтын жүйесі бар. Өтірік науқастар қайдан шығады? Дәрігерлер қордан артық ақша алғысы келеді. Содан әңгіме шығып отыр. Біз оның бәрін анықтап, оның жол бермеуіне неше түрлі іс-қимылдарды істеп жатырмыз. Емхананың мамандары жалған ақпарат жіберетін болса, соның бағасынан үш есе артық айыппұл төлеу керек жаңағы емхана. Жалпы 13500 факт болған, 75 млн теңге айыппұл төленді!" - деді Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: