Өз ауласындағы дәретханадан шыққан бойжеткенге қылмыскер тап берді

oka.fm oka.fm
Аз ғана уақыт ішінде қылмыстың "ізі суымай" ашылып, күдікті қолға түсті.

Алматы облысының полицейлері бойжеткенді тонаған күдіктіні ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеше түнде Талдықорған қаласында қылмыс орын алып, қымбат ұялы телефон қолды болған. Тонаушы бойжеткенді қорқытып, қолындағы бағалы телефонын алып қашып кеткен.

"Қыз ұялы телефонынан айырылып қала жаздады. Ол өз үйінің ауласындағы дәретханадан шыққан сәтінде қылмыскерге тап болған. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қарақшы қолындағы пышақпен жәбірленушіні қорқытып, ұялы телефонды тартып алған. Зардап шегуші жағдайды тез пайымдап, жан-жағынан көмек сұрап, айғайға басқан", - деді Талдықорған қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Немересінің айғайлағанын естіген үйдегі атасы мен әжесі бірден полицияға хабар берген. Аз ғана уақыт ішінде қылмыстың "ізі суымай" ашылып, күдікті қолға түсті.

"Қылмыстың негізгі айғақзаты – ұялы телефонды жедел-тергеу тобы іс жүргізу тәртібімен тәркілеп, қылмыстық іс материалдарына тіркеді. Тергеу ісі полиция басқармасында жалғасты. Оқиға бойынша жауап алу кезінде Тараптар толық түсініктеме берді", - деп толықтырды полковник Асқар Нұрсапа.

Тергеушінің өтініші бойынша сот бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шешімін қабылдады. Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторында және көп ұзамай жасаған қылмысы үшін сот алдында жауап береді. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оның бұдан басқа қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз