Алматыда волонтер болған бес мектеп түлегіне тегін білім гранты табыс етілді

Аlmaty.tv Аlmaty.tv
Игі шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, сондай-ақ, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі демеушілік жасап, әлеуметтік серіктестік негізінде қолдау көрсеткен.

"Жас Отан" Жастар қанаты мектеп бітіруші алты түлекке жоғары оқу орындарының грантын табыстады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан және қоғамдық бастамаларға белсене атсалысып жүрген жастар үшін Алматы қаласының бес жоғары білім беру орны мен бір мемлекеттік колледжінде тегін оқуға мүмкіндік бермек. Игі шараға Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық аграрлық және Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, сондай-ақ, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі демеушілік жасап, әлеуметтік серіктестік негізінде қолдау көрсеткен.

Айта кету керек, жеңімпаздар бұған дейін "Волонтерлар" қатарында болған. Ал, бүгінгі іс-шара барысында "Жас Отан" жастар қанатының мүшесі атанды.

"Жас Отан" жастар қанатына мың да бір алғыс. Үміттерін ақтаймын деп ойлаймын. Уәде беремін. Жалпы, қазір волонтер болып жүрмін. Әлі де сол жолда боламын деп үміттенемін. Біз Арысқа бардық. Ол жерде құрылыс материалдарын түсірдік. Мақтааралда 70 тонна гуманитарлық көмекті түсіріп, көмектестік", – деді грант иегері Әлібек Мейілханов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз