Семейде жатақханадан өрт шығып, бірнеше адам эвакуацияланды

видеодан кадр видеодан кадр
Қызыл жалынның шығу себебі – мас күйде темекі шегуден немесе отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

Семейде жатақханадан өрт шықты, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 12 тамыз күні кешке өрт сөндіру бөліміне бесқабатты жатақхананың үшінші қабатындағы балкон өртеніп жатқаны туралы хабарланды.

"Балкондағы түтінді көрген бірінші қабаттың тұрғыны бірден 101-ге қоңырау шалған. Өрт сөндірушілер лезде оқиға орнына аттанды. Жеке заттарды, жиһазды, терезе мен есікті шарпыған тілсіз жаудың жалпы аумағы 5 шаршы метрге жеткен", – делінген ведомство мәліметінде.

Өрт сөндірушілер үй иесінің ұлын сыртқа алып шықты. Сондай-ақ қауіпсіздік, мақсатында жатақханадан 75 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25 бала бар. Қызыл жалынның шығу себебі – мас күйде темекі шегуден немесе отты абайсыз пайдаланудан болуы мүмкін.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз