Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл Жабаев туып-өскен ауыл халқына әкімі де қоса шағынды: Көрген күніміз осы...

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.08.2020 15:58 видеодан алынды
Алматы облысындағы Жамбыл ауылының шетіндегі 150-ден астам үйдің тұрғындары электр бағаналарын өздері қойып, тоқ тартқан. Бірақ елдімекендегі жалғыз трансформатордың күші кейін қосылған баспаналарға жетпейді екен.

Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туып өскен ауылында 150-ден астам үй жарыққа жарымай отыр. Амалы таусылған тұрғындар қарағайдан электр бағанасын жасап, тоқты өздері тартып алған. Алайда оның қуаты жетпей, жұрттың жаңа техникасы шетінен істен шығыпты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бикен әжей жарықтың жиі өшуі талай техниканы "күйдіріп бітті" деп күйінеді. Мәселен, жақында ғана алған су жаңа тоңазытқышы бірден істен шығып, қазір ауласында шаң басып тұр. Сексеннің сеңгіріне таяған қария электр қуатының аздығынан азық-түлік те бүлініп жатқанын жеткізді.

Бикен Балабекова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

- Жарық жоқ. Мынаның суы ағып, азық-түлік бұзыла бастайды. Қашанға айтамыз енді. Қиыншылық көріп отырмыз. Теледидар да істемейді. Жарықтың жоқтығынан үлкен теледидар көрсетпейді. Тоңазытқыш тұрғаны анау, бұзылып.

Алматы облысындағы Жамбыл ауылының шетіндегі 150-ден астам үйдің тұрғындары электр бағаналарын өздері қойып, тоқ тартқан. Бірақ елдімекендегі жалғыз трансформатордың күші кейін қосылған баспаналарға жетпейді екен. "Сығырайған жарықтан балалар сабақ оқи алмай қиналады", - дейді қараша.

Амангүл Нұрмұханова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

- Баламды оқытуға енемнің үйіне барамын. Баламды сол жаққа тастап кетемін. Бірде жарық болады, сосын сығырайып қалады. Сабақ оқи алмаймыз, Интернет мүлдем ұстамай қалады. Бәрі күйіп жатыр. Үш теледидар ауыстырдым.

Жарыққа жолдың азабы қосылып, жұртты әбден титықтатқан.

Арайлым Смағұлова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

- Жаңбыр жауса балшыққа батамыз. Барлығымыз бір-бір аяқ-киім ұстап жүреміз. Шыдамның да шегі бітті. Менің балам жылайды, кастюмі балшық болып келеді. Жылда киімін ауыстырамыз.

Ақын Жамбыл Жабаев туып өскен елдімекеннің халқы "жарық тартып беріңдер" деп ауыл әкімдігінің табалдырығын талай тоздырыпты. Бірақ одан нәтиже шамалы.

Сәуле Сманова, Жамбыл ауылының тұрғыны:

- Әкім былай айтты. Мен өз құлағыммен естідім. "Жерді менен алған жоқсыңдар, алған әкімдеріңе барып айтыңдар", - дейді. Ол әкім халыққа жаны ашымаса, не үшін әкім болып отыр?! Сым тұйықталып, өрт болса, бұл жерге құтқарушылар да келмейді.

Көп ұзамай ауыл әкімі де төбе көрсетті. Тұрғындарды сабырған шақырған атқамінер сол жерде кезекті уәдесін үйіп-төкті

Данияр Мантаев, Жамбыл ауылдық округінің әкімі:

- Жарық мәселесіне келетін болсақ, жобалық-сметалық құжат дайын. Қаражат күтудеміз. Күннен күнге халық саны өсуде. Сол себепті жарықтың сығыраюы туындап тұр. Жол мәселесіне келсек, жоба келесі жылы дайын болады. Болашақта жолды күтудеміз.

"Жұрттың күйін кешіп отырмын" деген Данияр Ерлікұлы түсірілім тобымызға баспанасын көрсетіп, "жарықтың жоқтығы менің де жаныма батады" деп ағынан жарылды.

- Су ортақ, жол ортақ, жарық ортақ. Сол кісілер көріп отырғанды мен де көріп отырмын.

Ауыл әкімі жарық мәселесін шешуге қаржы қолбайлау екенін айтады. Сондықтан шенеунік облыс бюджетінен 90 миллион теңге сұрап отыр. Алайда бұл қомақты сомманың қашан бөлінетіні белгісіз. Ал жаттанды жауапқа сенуден қалған жұрт облыс әкімінен көмек сұрамақ.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: