Түркістан облысында заңсыз құм өндіру фактісінің жолы кесілді

ТО ПД баспасөз қызметі ТО ПД баспасөз қызметі
Полицейлер азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

"Таза Қазақстан" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Шардара АПБ-не жергілікті тұрғынның бірі Жаушықұм ауылында заңсыз құм қазып алып, тасымалдап жатқандығы туралы ақпарат келіп түскен, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабарлама бойынша Шардара АПБ-нің ЖПҚБ-нің табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Бекмұхаммед Теңгебаев оқиға орнына шықты. Тексеру барысында 3 жергілікті тұрғын "КамАЗ" жүк көлігіне шамамен 8 куб шағыл құм артып келе жатқан жерінен ұсталды.

Тәртіп сақшылары тәртіп бұзушыларға құмды қазып алынған жеріне қайта төктіріп, жүк көлігін тәркілеп, айыптұрағына қойды. Жинақталған іс-құжаттары заңды шешім қабылдап, тұрғынның қоршаған ортаға келтірілген залалын бағалау үшін Түркістан облысы экология департаментіне жолданды. Жалпы, Шардара АПБ-нің қызметкерлерімен жыл басынан бері осындай заңсыз құм қазып алып, тасымалдауға байланысты 8 жайт тіркеліп, құжаттары тиісті органға жіберілген.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды табиғат қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз