Қазақстан бірнеше шет мемлекетпен арадағы шекараны ашты. Жолаушылар нені білгені жөн?
15 тамызда Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің бұйрығымен елімізге шетелден келушілерді қабылдаудың тәртібі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан 10-нан аса мемлекетпен арадағы әуе қатынасын жаңғыртты. Олар үш санатқа бөлінеді.
Біріншісі: Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Грузия, Таиланд, Венгрия, Үндістан, Германия, Чехия, Малайзия, БАӘ, Беларусь, Түркия, Египет, Украина, Нидерланды, Ресей. Бұл елдерден келгендердің дене қызуы өлшеніп, арнайы сауалнама қағазды толтырады.
Екінші санат: Польша, Өзбекстан, Тәжікстан. Бұл санаттағы жолаушылардың да дене қызуы өлшеніп, арнайы сауалнама алынады.
Сонымен қатар, COVID-19-ды жоққа шығарған анықтамасы болмаса, жолаушы үшақтан түсе салып, тоқтаған жері (шетелдік азамат болса) немесе тұрғылықты мекен-жайы (қазақстандықтар) бойынша ПТР әдісімен 48 сағат ішінде тест тапсырғаны туралы немесе 14 күнге үй карантиніне оқшауланғаны жайлы хабар беруі тиіс.
Ал үшінші санатқа жататын - басқа шет мемлекеттерге тұрақты әуе рейсіне тыйым салынған. Тұрақты емес (эвакуация және чартерлік) рейстер жасалуы мүмкін болған жағдайда жолаушыларға екінші санаттағыдай талаптар қойылады.