Тихановская Беларусь елінің ұлт көшбасшысы болуға дайын екенін мәлімдеді

17 Тамыз 2020, 13:10
Сурет: TUT.BY

Беларусь Президенті Александр Лукашенконың басты қарсыласы Светлана Тихановская ұлт көшбасшысы болуға дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Жұрт тынышталып, өмірдің қалыпты ырғағына оралуы үшін осы сындарлы кезеңде ұлт көшбасшы ретінде әрекет етіп, жауапкершілікті мойныма алуға дайынмын. Барлық саяси тұтқындарды босатып, қысқа мерзім ішінде жаңа сайлауды ұйымдастырудың заңнамалық негіздері мен шарттарын дайындау үшін осылай еткеніміз дұрыс", - деді Тихановская YouTube-тегі "Страна для жизни" арнасында жарияланған видеода.

Ол құқық құрылымына қаратып былай деді:

- Егер қылмыспен пара-пар бұйрықты орындаудан бас тартып, халық жағына шықсаңыздар, көп сіздерді кешіріп, қолдайды және болашақта ғайбаттап, қорламайды. Мұны өздеріңіз де жақсы біліп, түсініп отырсыздар деп ойлаймын.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?