Алматы әкімдігі сауда үйінің алдындағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсінік берді

17 Тамыз 2020, 17:59
Сурет: Алматы әкімдігі

Әкімдік "Гранд Парк" сауда орталығы аумағындағы ұзын-сонар кезекке қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұған дейін "Гранд Парк" сауда орталығының аумағында ұзын-сонар кезек пайда болғандығы хабарланған болатын. Осыған байланысты бақылау тобы жедел түрде сауда орталығына барып, ондағы адамдарға әлеуметтік қашықтықты сақтау және бетперде тағудың маңыздылығын түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Көшедегі сауда орталығының басшылығы адамдарға ыңғайлы болу үшін күн қолшатырларын орнатып, ауыз сумен қамтамасыз етті.

- Бүгін, түстен кейін 12-ден бастап, "Гранд Парк" сауда орталығына келушілердің саны күрт артып, үлкен кезек пайда болды. Мұның себебі - бутикте 4 шаршы метрде бір адамнан ғана болу сынды санитарлық талаптарды сақталуы. Бұл сауда орталығы аудиттен өтті және барлық санитарлық талаптарға жауап берді, - деп түсіндірді Әуезов ауданының кәсіпкерлік бөлімінің бастығы Қуаныш Құрманғалиев.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?