Бетперде тақпағандарға салынатын айыппұл көлемін қысқарту мәселесі қарастырылып жатқан жоқ

19 Тамыз 2020, 16:17
Сурет: zen.yandex.ru

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов 19 тамыз күні қазір мемлекеттік органдар "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын талқылап жатқандығын және жеке тұлғаларға бетперде тағу талабын бұзғаны үшін айыппұлды 1 АЕК-ке дейін (2 778 теңгеге дейін) төмендету ұсынысын қарастыруда екенін хабарлаған. Алайда, ҚР Әділет министрлігі бған қатысты басқа ақпаратты ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бетперде тағу режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұл көлемін азайту жайын келсек, ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабында көзделген бетперде режимін бұзғаны үшін қолданыстағы айыппұлдар өзекті әрі заңды болып табылады, мемлекеттік органдар онда қарастырылған мөлшерді азайту туралы мәселені талқылап жатқан жоқ, - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бетперде режимін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдың көлемі 30 АЕК-ті (83 340 теңге) құрайды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?