Беларусь еліндегі сайлауға байланысты Еуропалық одақтың шешімі жария етілді

19 Тамыз 2020, 21:50
Сурет: cripo.com.ua

Еуропалық Одақ елдері Беларусь Республикасы президенті сайлауының нәтижелерін мойындамайды. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель ЕО елдері басшыларымен өткен бейнеконференциядан кейінгі баспасөз конференциясында айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Меркельдің айтуынша, президент сайлауындағы дауыс беру процесі еркін әрі әділ жүргізілмеген, оның барысында көптеген заң бұзушылықтар тіркелген. ТАСС-тың хабарлауынша, бейнеконференцияға қатысушылар бірігіп "бейбіт демонстранттардың жағында екендіктерін мәлімдеді".

"Біз Лукашенконың режимі мен үкіметін зорлық-зомбылықтарды тоқтатуға шақырамыз", - деді канцлер.

Оның сөзіне қарағанда, қазір бұл елге қазіргі биліктегі адамдар да қатысуы тиіс "ұлттық инклюзивті диалог" керек. Меркель бұл жерде ЕҚЫҰ, дәлірек айтсақ, Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро маңызды рөл атқара алатынына назар аударды.

- Біз бұл арада Беларусь елі не істеу керектігін айтуға емес, оппозицияның не қалайтынын өздері жариялауына маңыз береміз. Әзірге, мен араағайындық болу мүмкіндігін көріп отырғаным жоқ, өйткені президент Лукашенко телефонмен сөйлесуден бас тартты, ол үшін өкінемін, - деді Меркель.

Ол Беларусь елі жүретін "тәуелсіз жолын" өздері таңдауы тиіс екенін баса айтты.

"Бізге Беларусь тек қана ел ішінде диалог арқылы дамудың жолын табуы керек екендігі анық. Сырттан ешкім бұл елдің мәселесіне киілікпеуі керек. Беларусь елінің халқы өздерінің не қалайтынын біледі, сондықтан біз Беларусь Републикасының ел болып қабылдаған шешімі негізіндегі "тәуелсіз жолын" көргіміз келеді", - деді ол.

Сонымен бірге, канцлер Беларусьтегі оқиғаларға сырттан кез-келген килігудің бұл елдегі жағдайды едәуір қиындатып жіберер еді деп мәлімдеді.

"Біз бұған жол бермес үшін Ресеймен үнемі байланыста отырмыз", - деді Меркель.

9 тамызда Беларусь елінде президент сайлауы өтті. Ресми нәтижелерге сәйкес, ондап қазіргі мемлекет басшысы Александр Лукашенко жеңді (80,1% дауыс), оның басты қарсыласы Светлана Тихановская ІІ-орынға ие болды (10,12%). Дауыс беру аяқталғаннан кейін қалаларда жаппай наразылық акциялары өтіп, ірі кәсіпорындарда ереуілдер басталды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?