Бірқатар жоғары оқу орнына әкімшілік істер қозғалды

19 Тамыз 2020, 22:12
Сурет: @edu_news_qz

Бірқатар жоғары оқу орнына қатысты әкімшілік істер қозғалды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астана" университетінде жоспарлы тексеру 2020 жылдың басында жүргізілуі керек еді. Алайда университет қажетті материалдарды ұсынбады, осылайша профилактикалық бақылау жүргізуге кедергі келтірді. Сот талқылауының нәтижесінде ЖОО әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл ретте Ақтау гуманитарлық-техникалық университеті мен "Астана" университеті танылған арнайы органдардың тізіліміне енгізілген аккредиттеу агенттіктерінде аккредиттеуден өтпеген.

"Білім туралы" ҚР Заңына сәйкес аталған жоғары оқу орындары қазіргі уақытта 2020 жылғы түлектерге диплом бере алмайды. Соңғы курс студенттерінің мүдделерін ескере отырып, бұл университеттер диплом беру үшін аккредиттеуден өтуі керек.

Талапкерлердің назарын жоғары оқу орнын дұрыс және саналы түрде таңдаудауға аударғымыз келеді, өйткені 2021 жылдан бастап жоғары оқу орындары өз үлгісіндегі дипломдарын беретін болады, бұл кейіннен жұмысқа орналасуға әсер етеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?