Коронавирус пен пневмониядан тағы 21 адам көз жұмды

20 Тамыз 2020, 09:56
Сурет: ohoje.com

Бір тәулікте Қазақстанда 6 науқас коронавирус белгілері бар пневмониядан, 15 науқас коронавирустан қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қазіргі уақытта 15 904 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 64-і - балалар. Ауруханаларда 6 942 науқас, амбулаториялық деңгейде 8 962 науқас емделуде, 350 науқастың жағдайы ауыр, 100 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланады, 63 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Өткен тәулік ішінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония бойынша 787 жағдай және 6 кісі өлімі тіркелді.

Жалпы республикамызда 1 461 науқас коронавирустан қайтыс болды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?