Құрылысы бітпеген "Астана LRT" Ханчжоу шығанағындағы көпірден екі есеге қымбат болып шықты

20 Тамыз 2020, 10:58
Сурет: Ашық дерекөздерден алынды

Елордадағы жемқорлық символына айналған LRT құрылысы әлеуметтік желіде тағы да дау тудырды. Сарапшылардың пікірінше, елдегі жеңіл рельсті құрылыс нысанының шығыны Қытайдағы ірі, теңіз үстімен өтетін өткелден екі есеге қымбат, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Сәулеті көздің жауын алар, Ханчжоу шығанағындағы көпірге 1,5 млрд АҚШ долларын жұмсаған. Сонда 37 шақырымдық өткелдің әр шақырымы Қытайға 40 млн долларға түскен. Ал, астаналық LRT-ның әр километріне біз 80 млн доллардан жұмсаппыз.

Тағы бір айта кетерлігі Ханчжоу көпірі осыдан 10 жыл бұрын салынған. Сол кездегі доллар бағамын ескергеннің өзінде Нұр-Сұлтандағы LRT бетоннан емес алтыннан құйылғандай. Екі елде құрылыс құны неге жер мен көктей? Бұл сұрағымызға экономист Бауыржан Ысқақов телефон арқылы былай жауап берді.

Бауыржан ЫСҚАҚОВ, ЭКОНОМИСТ:

- Қоғамның ішіндегі кең жайылған індет жемқорлықты жоқ дей алмаймыз. LRT құрылысы кезіндегі өзіндік құнының жоғары болуына, заявка жазылған кезде бағаны тым жоғары қойған. Техникалық-экономикалық негізге сүйенбей бағаны тым қымбат қойған. Және несие проценті де жоғары болған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?