Тоқаев Түркістан облысына барды

20 Тамыз 2020, 12:17
Сурет: Берік Уәли

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен жүр, деп хабарлайды zakon.kz.

"Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі", деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facеbook-тегі парақшасында.

Бұдан кейін Арыс қаласына барады.

"Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді. Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, "Сапар орталығының" қызметімен танысып, жаңадан салынған "Жібек жолы" саябағын аралайды", - дейді Берік Уәли.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?