Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысында жоғалып кеткен қыз айдаладан өлі табылды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.08.2020 22:15 Pixabay
Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Алматы облысында із-түссіз жоғалып кеткен қыз өлі күйінде табылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, қыздың денесі сағат 16.00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданының Өрнек ауылы маңындағы жазық даладан табылған, марқұмның денесінде зорлық белгілері де анықталды.

Бір күн бұрын 99 жылғы қыздың туыстары полицияға оның жоғалып кеткені туралы арыз жазған.

Полицейлер іздестіру шараларын жүргізді.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы, 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: