Димаш бір қызбен құшақтасқан суретін жариялап, елді елеңдетіп қойды
24.kz
Әншінің парақшасына тіркелуші оқырмандар суреттегі қыз шынымен де Димаштың қалыңдығы болуы мүмкін деп топшылайды.
Димаш Құдайберген Instagram-да көзін жұмып, бір қызбен басын түйістірген суретін жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Суреттегі қыз Димашпен мұрнын түйістіріп, алақанын бетіне қойған.
- Өте талантты жұмыс. Барлығыңыздың күндеріңіз жақсы өтсін, - деп жазған бұл сурет астына Димаштың өзі.
Әншінің парақшасына тіркелуші оқырмандар суреттегі қыз шынымен де Димаштың қалыңдығы болуы мүмкін деп топшылайды.
BaigeNews.kz порталына DimashNews баспасөз қызметі бұл әншінің творчествасынан шабыт алған суретшінің майлы бояумен салған суреті екенін жеткізді.
- Оны Димаштың "Аққуым" әнінен шабыт алған жанкүйерлердің бірі - суретші Элла де Грейс салған. Суретте осы әннің бейнебаянынан үзінді сипатталған, - деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript