ШҚО-ға Украина мен Германиядан гуманитарлық көмек келді

Думан Кенжеғазыұлы Думан Кенжеғазыұлы
Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады.

24 тамызда ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының қоймасына Украина және Германия мемлекеттерінен гуманитарлық көмек ретінде 720 дана медициналық бетперде, 6 дана Ибупрофен (600 мг), 1 дана Ибупрофен Атид (600 мг), 170 дана Меропенем-Виста, 3240 дана Левофлоксацин-Новофарм препараттары және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2 дана оттегі концентраторы жеткізілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Өздеріңіз білетіндей, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қызметкерлері медициналық ұйымдарға қайырымдылық көмек көрсету үшін шамамен 27 млн.теңге қаражат жинады. Агенттік қызметкерлері коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде бір күндік жалақыны аударуға шешім қабылдады. Жиналған қаражатқа 25 оттегі концентраторы сатып алынды, олар өңірлер арасында тең бөлінеді. Өнімділігі минутына 10 литрге дейінгі аппараттар тыныс алу жолдарының аса ауыр ауруларын емдеуде қолданылады.

"Әрбір ұйым әлеуметтік жауапты болуы тиіс. Қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіміздің дәрежесін түсіне отырып, біз ауруханаларға оттегі концентраторларын сатып алу үшін бір күндік жалақыларымызды аудару маңызды және қажет деп есептедік. Сол арқылы СOVID-пен қарсы күреске жанашырлық танытамыз", - деді Агенттік төрағасы А. Шпекбаев.

Агенттіктің аумақтық бөлімшелері "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдерімен бірлесіп жүкті соңғы тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз етеді. Гуманитарлық тауарды мақсатсыз пайдалану тәуекелін болдырмау үшін барлық келіп түскен дәрі-дәрмектер мен бұйымдар "Гуманитарлық көмек – ТЕГІН" арнайы мөртаңбасымен таңбалануда.

Осы орайда бүгін "Шығыс – Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт қоймаға келген медициналық заттарға мониторинг жүргізді.

Аймақтық департамент пен жобалық кеңсе қызметкерлері елге келіп түсетін барлық гуманитарлық көмекті бөлуде ашық бақылау процесін жолға қойған және осы бағытта жұмыс жалғасатын болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз