Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы әкімі орынбасарының өтірікші-өтірікші емес екенін полиция тексеретін болды

КТК, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.08.2020 18:54 КТК
Шілденің ортасында Тұяқбаев қала дәріханаларында дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін, көпшіліктің осы тақырыптан "хайп" жасап отырғанын мәлімдеді. Іле-шала қоғам белсендісі оның сөзін жоққа шығаратын дәлелдер тауып, лауазымды тұлғаның үстінен шағым түсірген.

Алматы әкімі орынбасарының мәлімдемесін полиция тексеретін болды. Бұған дейін қоғам белсендісінің полицияға жазған арызы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілген болатын, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қоғам белсендісі Светлана Дружинина Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевты жалған ақпарат таратты деп айыптады. Шілденің ортасында Тұяқбаев қала дәріханаларында дәрі-дәрмектің жеткілікті екенін, көпшіліктің осы тақырыптан "хайп" жасап отырғанын мәлімдеді. Қоғам белсендісі полицияға арыз жазғанымен, полиция бұл істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберді. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет істі полицияға кері қайтарды. Себебі, жалған ақпарат тарату бабы бойынша тергеуді ішкі істер министрлігі жүргізеді. Қылмыстық-процестік кодексте осылай көрсетілген.

"Берілген ақпаратқа сай, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін материал Алматы қаласы полиция департаментіне қайтарылады", – делінген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің қоғам белсендісіне ұсынған құжатында.

Айта кетейік, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев 13 шілдеде брифинг барысында қаладағы қоймаларда жеткілікті дәрі қоры бар екенін, дәріханаларда дәрі-дәрмек жетпеген жағдайда, олар қысқа мерзімде жөнелтілетінін айтты.

"Өкінішке қарай, әлеуметтік желіде осы тақырыптан "хайп" жасап отырғандар бар. Біз дәрі-дәрмекті жеткізу көлемін шектеп жатқан жоқпыз. Барлығына жіберіп отырмыз", – деді Тұяқбаев.

Шенеуніктің осы сөзінен кейін қоғам белсендісі Светлана Дружинина дәріханаларды аралап, коронавирусты емдеу хаттамасына кіретін препараттардың бар-жоғын тексеріп шықты. Қажетті дәрілер табылмағандықтан, ол шенеуніктің сөзін жоққа шығарды. 23 шілдеде Дружинина полицияға арыз жазып, Сапарбек Тұяқбаевты жалған ақпарат таратқаны үшін жауапқа тартуды талап еткен. Артынан Дружинина әлеуметтік желідегі парақшасында пост жариялап, құқық қорғаушылар оның арызын сотқа дейінгі тергеу шараларының бірыңғай реестріне енгізбей жүргенін мәлімдеді.

18 тамызда Алматы қаласы полиция департаменті басшысы Қанат Таймерденов қоғам белсендісі жазған арыздың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жіберілетінін айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: