Ертең Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдау жолдайды

Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетеді.
Ертең, 1 қыркүйекте сағат 11.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жолдайды, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.
"Ертең, яғни, 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауын жариялайды. Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфир арқылы көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады", делінген жазбада.
Бөлісу
0
Толық оқу