Сенатор Ақылбек Күрішбаев. Оған Тоқаевтың Жолдауының қай жері ұнады?

bilimdinews.kz bilimdinews.kz
Бұл – ауыл экономикасын дамытудың бірінші қарқыны.

ҚР Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев Президент Тоқаевтың Жолдауына пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгін Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы туралы көп айтты. Шынында, маған ұнаған жері мына кооператив құру, қосалқы шаруашылықты дамыту мәселесі болды. Қосалқы шаруашылықты елді мекеннің жағдайында бізде 70 пайыз мал сонда тұр, деді ол.

Осы Жолдаудан кейін ауылдың экологиялық мәселесі шешіледі.

Бізде 188 миллион гектар жайылымдық жер бар. Сол малды қамтамасыз ете алатын. Соған байланысты, егер де сол малды жинап, кооперация құрып, жайылымдар мен шабындық жерлерді беретін болса, біздің малдың, еттің, сүттің көлемі 30 пайызға өседі. Бұл мемлекеттің биологиялық активі, біз оны қорғауымыз керек. Егер де бұл мәселе шешілетін болса, онда ауылдың экологиялық мәселесі шешіледі. Бұл ауылға деген экономикалық дамудың бірінші қарқыны деуге болады. Сондықтан біз осы мәселені қолға алуымыз керек, - деп қосты ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз