Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Неміс инвесторы Қарағанды облысында үшінші күн электр станциясын салды

Электр станциясының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталды.

Сурет : "Kazakh Invest" ҰК" АҚ2 Қыркүйек 2020, 13:41

Қарағанды облысында қуаттылығы 26 МВт күн электр станциясы пайдалануға берілді. Жыл сайын күн паркі шамамен 34 млн кВт*сағ электр энергиясын өндіреді деп жоспарлануда, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазсолар 50" ЖШС инвесторларының жобасы KAZAKH INVEST ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылды. Оған 62 мың фотовольтаикалық панельдер орнатылған күн паркінің құрылысы кіреді. Станцияның жалпы жобалық құны 5,6 млрд теңгені құрады. Мамандардың айтуынша, инвестициялық жобаны іске асыру атмосфераға көмірқышқыл газының шығарындыларын жылына 24 мың тоннаға қысқартады.

Электр станциясының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталды. 120-дан астам қазақстандық қызметкер жұмылдырылды. Бүгінгі таңда компания қосымша 7 тұрақты жұмыс орнын құрды.

"Бұл жоба үздік техникалық және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылды. Жоба экологиялық таза электр энергиясын өндіруге, қоршаған ортаны қорғауға және Қазақстанның ұлттық электр желісінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл біздің өңірдегі үшінші жобамыз. Біздің электр станцияларымыздың жалпы қуаты 176 МВт - қа жетті", - деп атап өтті "Қазсолар 50" ЖШС Бас директоры Евгений Гребенников.

Инвестициялық жобаларды жүзеге асырудан басқа, инвесторлар өңірдің әлеуметтік жобаларына белсенді қатысады.

"Жергілікті бастамаларды қолдау аясында компания Қарағанды облысының Шет ауданына $30 мың көлемінде Ақсу-Аюлы ауылындағы бұлақ су көзі учаскесінде демалыс аймағын салу үшін қайырымдылық көмек көрсетуді жоспарлап отыр", - деп хабарлады "KAZAKH INVEST" ҰК" АҚ аймақтық директоры Мәди Исекеев.

Сонымен қатар, 15 жыл ішінде инвесторлар білім гранттарын бөлуге және жастар жобаларын қолдауға шамамен $150 мың бағыттауды жоспарлап отыр.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер