3 қыркүйекте футболдан Ұлттар лигасының ойындары басталады

uefa.com uefa.com
10 топтың жеңімпаздары Катардағы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

3 қыркүйекте Ұлттар лигасы-2020/21 маусымының топтық кезеңі басталады, деп хабарлайды zakon.kz.

УЕФА-ның ұлттық құрамалар қатысатын жаңа турнирі осымен екінші рет ойнатылады. Тұңғыш турнирді өткен маусымда өз алаңында Португалия құрамасы жеңіп алған.

Топтық кезеңнің алты туры 2020 жылы қыркүйек, қазан және қараша айында өтеді. Финалдық кезең 2021 жылдың маусым айына жоспарланған.

55 ұлттық құрама УЕФА коэффициенттеріне сәйкес, төрт лигаға бөлінген, әр лигада төрт команда төрт топқа түседі. D лигасында ғана екі топ бар.

А лигасы:

1 топ: Нидерланды, Италия, Босния және Герцеговина, Польша

2 топ: Англия, Бельгия, Дания, Исландия

3 топ: Португалия, Франция, Швеция, Хорватия

4 топ: Швейцария, Испания, Украина, Германия

B лигасы:

1 топ: Австрия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Румыния

2 топ: Чехия, Шотландия, Словакия, Израиль

3 топ: Ресей, Сербия, Түркия, Венгрия

4 топ: Уэльс, Финляндия, Ирландия, Болгария

C лигасы:

1 топ: Черногория, Кипр, Люксембург, Әзербайжан

2 топ: Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Армения

3 топ: Грекия, Косово, Словения, Молдова

4 топ: Албания, Беларусь, Литва, Қазақстан

D лигасы:

1 топ: Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Мальта

2 топ: Гибралтар, Лихтенштейн, Сан-Марино

Командалар бір бірімен үйде және сырт алаңда ойнайды. А лигасындағы топтардың жеңімпаздары жартылай финалдар, үшінші орын үшін матч және финалдан тұратын Ұлттар лигасының финалдық кезеңіне шығады. B, C және D лигаларында топ жарғандар жоғары лигаға көтеріледі. A және B лигаларында топта соңғы орында қалғандар төменгі лигаға сырғиды.

10 топтың жеңімпаздары Катардағы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады.

Ұлттар лигасының топтық кезең матчтары 2020 жылы 3/4/5 және 6/7/8 қыркүйекте, 10/11 және 13/14 қазанда, 14/15 және 17/18 қарашада өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз