Жаңалықтар тізбегі
0

Төтенше жағдайлар министрлігіне қандай комитеттер кіретіні белгілі болды

caravan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2020 05:35 caravan.kz
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылады.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қандай комитеттер қарайтындығы мәлім болды, деп хабарлайды zakon.kz.

1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өрт сөндіру қызметі комитеті; 2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер жөніндегі комитеті құрылсын, делінген үкімет қаулысының жобасында.

Жобада ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті енді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті болып өзгертілетіндігі айтылған.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті екіге бөлініп, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Индустриялық даму комитеті болып қайта құрылсын, делінген құжатта.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылады.

Естеріңізге сала кетелік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Төтенше жағдайлар комитетін қайта құрылымдау қажеттігін мәлімдеген еді.

Төтенше жағдайлар министрлігі 2014 жылдың 6 тамызында таратылып, ҚР Ішкі істер министрлігінің қарамағына өтті. Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігін қайтару туралы қоғамда бірнеше рет ұсыныс көтерілген. Соңғы рет Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: