Алматылық жігіт Тик-токта атын шығару үшін заң бұзған

radioiskatel.ru radioiskatel.ru
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі ереже бұзған жүргізушінің анықталғанын хабарлады.

Алматыда Абай даңғылында бүкіл көлік ағынына қарсы жүрген көліктің жүргізушісі анықталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның видеосы Тик-Токта жарияланды, содан кейін оны басқа әлеуметтік желілер көшіріп орналастырды. Видеода көлік Абай даңғылы бойымен батыс бағытқа қарай жылжып келе жатып, Сейфуллин даңғылымен қиылысқа келгенде жолдың қарсы бағытына бұрылады. Жүргізуші жанындағы жолаушы мұның барлығын видео түсірген. Әлеуметтік желіде жарияланғаннан күні-ақ видео жойылды. Бірақ оны жүктеп алғандар жетерлік болып шықты.

Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі ереже бұзған жүргізушінің анықталғанын хабарлады. Әкімшілік хатамма толтырылып, материалдар сотқа жіберілді. Бұл заң бұзушылық үшін жүргізуші куәлігіннен 6 ай мерзімге айырылуы мүмкін.

Қалалық полиция мұндай заң бұзушылық өте қауіпті екенін атап өтті, әсіресе көлік ағыны қатты қалада. Жүргізуші өзінің қауіпсіздігі ғана емес, айналасындағылардың да жағдайын ойлануы керек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз