Елімізде 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе жасау басталады

Хабар 24 Хабар 24
Министрліктің ресми өкілі тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті.

"СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенінің 2 млн-нан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 процентін қамтуға жеткілікті, деп хабарлайды "Хабар-24".

Сонымен қатар аумақтардағы денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753 мың 900 дозаға тапсырыс берді. Бұл жөнінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

"Елімізде тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады. Әдеттегі мерзімген 2 апта ертерек. Бұл эпидемиологиялық маусымда туындайтын тұмау секілді ауруларға қарсы мықты иммунитет қалыптастыруға септігін тигізеді", - деді.

Сонымен қатар ол тұмауға қарсы екпенің күші 6 айдан 12 айға дейін сақталатынын айтып өтті. Екпе жасау үшін 5 мыңнан астам егу кабинеті дайындалған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз