Олжас Төлеуов ҚР Ұлттық банк төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды

Facebook/nationalbankkz Facebook/nationalbankkz
Жаңа тағайындауға дейін ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болып жұмыс істеді.

Экономист Олжас Төлеуов ҚР Ұлттық банкі төрағасының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Олжас Төлеуов ақша-несие саясатына, макроэкономикаға, экономикалық-математикалық модельдеуге байланысты және т.б мәселелер бойынша шешім қабылдауға ат салысады.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жоғары экономика және бизнес мектебін бітірген. сонымен қатар Ұлттық банктің магистр дәрежесіне ие.

Ол жылдар бойына AERC ғылыми-кеңес беру компаниясында жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде ол бизнес-талдаушы қызметінен басқарушы директор лауазымына дейін көтерілді, стратегиялық мемлекеттік және квазимемлекеттік жобалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысты. 3 жыл бойы ол Ұлттық банктің зерттеу және статистика департаментінде жұмыс істеді, онда инфляцияны таргеттеу, экономикалық модельдеу және ғылыми-қолданбалы зерттеулермен айналысты.

Жаңа тағайындауға дейін ол ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті болып жұмыс істеді және ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Әлеуметтік-экономикалық реформаларды талдау және мониторингілеу орталығының мүшесі болып табылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз