Коронавирусқа сенбейтін ұшақтағы екі жолаушы айыппұл төлеп тынды

tursputnik.com tursputnik.com
Екеуі де бетперде тағудан бас тартқан.

Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға ұшақтың бортында әлеуметтік арақашықтықты және маска режимін сақтауды сұрап, оны орындамаған жағдайда айыппұл салынатынын ескертті, деп хабарлайды zakon.kz.

- Отандық және шетелдік авиакомпаниялар қауіпсіздік жүйесінің толыққанды болуына мүдделі. Алайда, қазақстандықтар ұшақтың бортында шектеулі талаптарды сақтамай, айналасына қауіп төндіреді. Мысалы, бүгін екі жолаушы 30 АЕК (83340 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жерге қонар алдында және ұшақ маска киюден бас тартқан, - деді Байғабылов.

Сондай-ақ, ұшақ жерге қонғаннан кейін жолаушылар салоннан тезірек шығу үшін орнынан ерте тұрып, кезек қалыптастырады, бұл да ауру жұқтыру қаупін туғызатын жайт.

- Негізінен, жолаушылар әлеуметтік қашықтық тіркеу кезінде және ұшаққа отырғызу кезінде сақтайды, бірақ бортта емес. Әдетте, шетелдік жолаушылар әуе лайнерінде сыртқа кезекпен шығады, тәртіп сақтайды. Біздің елімізде жолаушылардың бортта әлеуметтік арақашықтықты сақтамайтындығы бойынша бізге келіп түскен көптеген шағым бар. Осыған байланысты осы аптада біз ұшақтан түсу кезінде әлеуметтік арақашықтықты сақтамаған жағдайда жолаушыларды айыппұлға тарту шараларын әзірлейтін боламыз, - деп қорытындылады сөзін ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз