Қорық жерлерін мемлекетке қайтаратын заң жобасы әзірленді

9 Қыркүйек 2020, 10:40
Сурет: Ж.Құспанов

Сенатта Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын қарады. Бұл заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасы бойынша әзірленген болатын, деп хабарлайды zakon.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасының мақсаты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрамына туризм, су шаруашылығы құрылысы нысандарын салу және олардың жұмыс істеуі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының объектілерін жайластыру және олардың жұмыс істеуі, қорғаныс мұқтажы үшін олардың құрамынан бұрын шығарылған және аталған мақсаттарда пайдаланылмайтын босалқы жерлерді қайтару рәсімін оңайлату болып табылады.

Заң жобасының ережелері "Көкжайлау" тау шаңғысы курортын салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерінен босалқы жерлерге бұрын ауыстырылған пайдаланылмаған жерлерді және "Бурабай" АЭА туристік кешені үшін берілген жекелеген учаскелерді қайтаруды құқықтық реттеуге бағытталған.

Заң жобасы қабылданған жағдайда ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар және кері қайтарылатын жер учаскелерінде орналасқан табиғи кешендер мен табиғи-қорық объектілері сақталатын болады.

Комитет заң жобасының тұжырымдамасына бірауыздан қолдау білдіріп, Палатада бірінші оқылымда қарауға енгізуді ұсынды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?