Қазақстан әлемнің 105 еліне өнім экспорттады

9 Қыркүйек 2020, 10:54
Сурет: strategy2050.kz

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов еліміздің 2020 жылғы қаңтар-тамыздағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.

Есептік кезеңде экономиканың нақты секторындағы оң өсу жалғасуда. Бұл құрылыс, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі.

Дайын өнім экспортының өсімі байқалады.

Ұлттық экономикалық ведомство басшысының айтуынша, ағымдағы жылғы қаңтар-шілде айларында автомобиль экспорты 7 есе, ферросилиция - 6 есе, күнбағыс майы - 1,7 есе, титан құймасы - 20,5% артты. Есептік кезеңде әлемнің 105 еліне экспорт қамтамасыз етілді.

"Ағымдағы жылғы 7 айда сыртқы сауда айналымы 48,7 миллиард долларды құрады. Экспорт 28,6 миллиард долларды, импорт 20,1 миллиард доллар. Сауда балансының 8,5 миллиард доллар оң сальдосы сақталуда", - деді Руслан Дәленов.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?