Мусин жұртты 4G және 5G антенналарынан қорықпауға шақырды

10 Қыркүйек 2020, 15:40
Сурет: rumedia24.com

Адамдардың 4G және 5G антенналарын орнатуға байланысты қобалжымағандары маңызды, өйткені олардан бөлінетін радиотолқындар микротолқынды пештердегімен бірдей, деп мәлімдеді ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, деп хабарлайды zakon.kz.

- Адамдардың мұндай антенналардың орнатылуына алаңдамағаны жөн. Оның радиотолқындары микротолқынды пештердегідей. Кейбір адамдар базалық станцияны тұрғын үй маңайынан әкетуді сұрап, ашуға бой алдырады, одан шығатын радиотолқындар зиянды деп есептейді. Бұл - жаңсақ пікір. Нормалар, әрдайым сақталады, сондықтан мен барша қазақстандықтардың назарын жалпы осы реттегі жобаның жүзеге асырылып жатқанына аудартқым келеді. Интернеттің сапасына байланысты проблемалар бар екенін мойындаймыз, бірақ бұл бір күнде шешіле салатын дүние емес, ол үлкен инфрақұрылымдық жобалар, - деді Мусин.

Ол сапалы интернет мәселесін бір жыл ішінде шешілмейтінін, олар әр үйге оптика орнатқысы келетінін, бірақ бұл аса қымбатқа түсетінін баса айтты. Осы себепті министрлік оптика қондырғысын елді-мекенге жеткізіп, одан ары қарай интернетті 4G және 5G антеннасы арқылы тасымалдайды.

Жалпы, оның айтуынша, біздің еліміз бойынша 6 459 ауыл болса, оның 4 646-сында түрлі технологияларды қолдана отырып, Интернетке қолжетімділік қамсыздандырылған. Интернетті мыс кабельдер, радиорелейлік байланыс және басқа технологиялар арқылы жеткізетін елді-мекендер де бар.

- Үш жыл бұрын 1 250 ауылға оптикалық кабель жүргізу жоба басталды. Бұл жоба аяқталуға жақын және бүгінде 1 071 ауыл оған қосылды. Жоба жыл соңына дейін аяқталады. Бірақ бұл жоба тек оптиканы елді-мекендерге жеткізуді көздейді, бірақ одан соң мектептер мен мемлекеттік мекемелерге байланыс орнатылғаннан кейін біз оның жанына базалық станция қоя бастаймыз. Онда 3G және 4G антенналары орнатылады. Бұл елді-мекеннің барлығын Интернетпен қамтамасыз ету үшін жасалады. Оптика орнатылып, станция құрылған соң ғана сапалы интернет жеткізілді деп айта аламыз. Басқа жағдайларда операторлар байланыс сапасына кепілдік бере алмайды, - деп түсіндірді Бағдат Мусин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?