Алматыда IT-құзыреттілік бойынша мұғалімдермен күн сайын түсіндіру жұмыстары өтеді

10 Қыркүйек 2020, 16:41
Сурет: inalmaty.kz

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Білім Басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов білім беру ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Оқу процесін қашықтан ұйымдастыру үшін мектеп педагогтардың негізгі сұраныстарына сәйкес келетін, функционалдық мүмкіндіктері бойынша қолайлы инфрақұрылымы мен білім беру контенті бар интернет-платформаны таңдайды", - деді Қ.Жұманов.

Білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде Bilimland.kz, Opiq.kz, Kundelik.kz, Microsoft.Teams, білім беру платформаларын қолданады.

"Мектептердің 100%-ы Kundelik.kz, шамамен 70% Online Mektep платформасын пайдаланады, 50% - дан астамы-Сфера, жекелеген санаттар ZOOM, Microsoft Teams стримингін және басқа да платформаларды пайдаланады", - деді спикер.

Тамыз айында қаланың 15 443 мұғалімі осы интернет-платформалармен жұмыс істеу үшін тегін оқудан өтті.

"Білім Басқармасы алғашқы күннен бастап интернет-платформаларда қанша мектеп жұмыс істейтініне статистикалық талдау жүргізеді. Сондай - ақ, күн сайын онлайн платформалардың жұмысы бойынша мониторинг жүргізіледі және проблемалар туындаған жағдайда, мәселе серіктес компаниялардың өкілдерімен дереу шешіледі", - деп түсіндірді Қ.Жұманов.

Сондай-ақ, ол "ZOOM" платформасында онлайн-сабақ өткізу, атап айтқанда сабақ өткізу процесіне бөгде адамдардың араласуының алдын алу мәселелеріне тоқталды.

"Бөгде адамдардың қосылуына жол бермеу үшін күн сайын IT-құзыреттілік, ЗУМ жүйесі бойынша мұғалімдермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ол жерде сілтемені бөтен адамдарға бермеуге әрбір қатысушы жауапты болады. Алдымен бәрі күту бөлмесінде болады. Содан кейін мұғалім балалардың аты-жөнін оқып, танып, оларды сабаққа кіргізеді. Содан кейін Зумның ұйымдастырушысы, яғни мұғалім барлық балаларындың кіргенін көрген соң, "есікті" жабады. Әрбір оқушы мұны білуі тиіс және стримингтік сабаққа келгенде өз тегімен қол қоюы керек", - деп түсіндірді Қ. Жұманов.

Сонымен қатар, оқу жылының басында ата-аналардың өтініштерін үнемі қадағалау үшін білім Басқармасы барлық 8 ауданда кері байланыс үшін call-орталықтар, Телеграм бот құрды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерде парақшалар ашылды.

Мектеп әкімшіліктері тұрақты негізде оқушылардың ата-аналарымен оқу процесін ұйымдастырудың барлық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша ата-аналар келесі 8 775 908 55 98 нөмірі бойынша білім Басқармасына хабарласа алады. Оқу процесін ұйымдастыру бойынша ақпарат беру үшін қала аудандары бойынша колл-орталықтар жұмыс істейді:

- Алатау ауданы +7 702 671 9650;
- Алмалы ауданы +7 707 930 2005;
- Әуезов ауданы +7 701 991 4875;
- Бостандық ауданы +7 702 459 0906;
- Медеу ауданы +7 701 783 9483;
- Наурызбай ауданы +7 777 827 0580;
- Жетісу ауданы +7 707 296 5560;
- Түрксіб ауданы +7 701 352 4873.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?