ҚР Сыртқы істер министрі Мәскеуде Қырғызстан мен Үндістан СІМ басшыларымен кездесті

10 Қыркүйек 2020, 16:46
Сурет: ҚР СІМ

ШЫҰ СІМК-нің алаңында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғыз Республикасы мен Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрлері Чингиз Айдарбеков пен Субраманьян Джайшанкармен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғызстан СІМ басшысымен Қазақстан-Қырғыз көпжоспарлы ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай-ақ аса жоғары және жоғары деңгейдегі екіжақты сапарлардың қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру талқыланды.

Мемлекеттер арасындағы көлік қатынасын қалпына келтіру және екі республика азаматтарының шекарадан өту тәртібі егжей-тегжейлі қарастырылды. Қырғыз тарапы Қазақстанға коронавируспен күресте және қырғыз азаматтарын отанына қайтару бойынша бірлескен жұмыста көрсеткен көмегі үшін ерекше ризашылығын білдірді.

Екі елдің СІМ басшылары халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелерін де қарастырды.

Қазақстан мен Үндістан министрлері елдер арасындағы саяси ынтымақтастықтың ағымдағы серпіні, оның ішінде жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу арқылы сақталатынына сенім білдірді.

М.Тілеуберді елдер арасындағы 2020 жылғы қаңтар-мамырда тауар айналымы 1,57 млрд АҚШ долларын құрап, 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 200%-ға өсті.

С.Джайшанкар энергетика, инвестиция, фармацевтика және логистика саласындағы Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында тығыз өзара іс-қимылды жалғастыруға, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Нью-Дели арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге бағытталған бірқатар іс-шараларды бірлесіп жүргізуге келісті.

Үндістан мен Қырғызстан Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске алдағы төрағалығын құптады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?