АШМ Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің құрамын жаңартуда

11 Қыркүйек 2020, 12:26
Сурет: 24.kz

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын жаңарту жұмыстарын бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Аккредиттеуге құжаттарды қабылдау 4 қыркүйектен 17 қыркүйекке дейін жүргізіледі, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы №799 қаулысымен бекітілген аккредиттеуді жүргізу қағидаларына, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жою негіздері мен тәртібіне сәйкес Сараптамалық кеңестің құрамы үш жыл сайын жаңартылып отырады.

Осыған байланысты, министрліктің сайтында министрлік жанындағы кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі Сараптамалық кеңестің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізу құқығын тану үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеу туралы хабарландыру орналастырылған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?