Бүгін таңертең Павлодардағы "Керуен" сауда үйінен өрт шықты

11 Қыркүйек 2020, 12:42
Сурет: Павлодар облысы ТЖД

Павлодардағы Қамзин көшесі, 171 мекенжайында орналасқан "Керуен" сауда үйіндегі өрт туралы хабарлама "101" пультіне бүгін таңертең, 06 сағат 57 минутта келіп түсті. Өрт орнына №2 шақыру дәрежесі бойынша өрт сөндіру бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұндай дәрежелі рангтағы өрттер кезінде ғимаратты электр желісінен толық ажырату керек. Сауда үйінің ғимаратына қызмет көрсететін жеке фирма табылмағандықтан, сағат 07:12-де өрт орнына Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің кәсіпорын қызметкерлері жіберілді.

Өрт орнына бірінші болып №3 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жетіп, дереу бірінші қабаттағы өртті сөндіруге кірісті. Сондай-ақ, өрт орнына №4 өрт сөндіру бөлімдерінің және №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің жауынгерлік есептері жіберілді. Өрт орнында пластик қоршаулардың жануы орын алғандықтан, бірінші қабатта қатты түтін болды. Өрт сөндіру бөлімдерінің газ-түтіннен қорғау қызметі түтінді жою жұмыстарын жүргізді.

Бірінші қабатта қырық шаршы метр аумақта азық-түлік сататын төрт сауда бутигі өртенді. Өрт сөндірушілердің бірлескен күшімен өрт 07 сағат 28 минутта шектелді. Өрт 07 сағат 39 минутта толықтай сөндірілді.

Өрт орнында алты бірлік техника және облыстың ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ жиырма екі қызметкері жұмыс істеді. Қазіргі кезде өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Сонымен қатар, кеше электр розеткасының қысқа тұйықталуынан "Жасыбай" демалыс аймағының "Баянауыл"демалыс үйінің аумағында өрт шықты. Бұл туралы хабарлама 10-шы қыркүйек күні 12 сағат 44 минутта келіп түсті. Сегіз бөлмелі екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында жиырма төрт шаршы метр аумақта жиһаз бен тұрмыстық техника жанған. №20 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері 13 сағат 20 минутта өртті ауыздықтап, 14 сағат 15 минутта толықтай сөндірді. Өрт сөндіруге бір автоцистернамен қаруланған Баянауыл мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлері көмектесті. Демалыс үйінің иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабының бірінші бөлігі бойынша ескерту түрінде әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл уақытта демалыс базасында демалушылар болмады.

Павлодар облысы ТЖ департаменті тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды. Ақаулы тұрмыстық техника өрт және басқа да төтенше жағдайлар түріндегі ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?