Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Әдемі астанаңнан не пайда, халқың аш жүрсе

Өзі Ашхабад, ал халқы ашқалат.

Сурет : facebook.com / Асхат Қасенғали11 Қыркүйек 2020, 15:56

Әдемі ғимараттар мен тақтайдай көшелер халықтың жағдайы керемет дегенді білдірмейді. Мүлде олай емес, дейді желіде Асхат Қасенғали.

Мына суреттегі ғажайып қаланың халқы нан таппай кебек жеп отыр дегенге сенесіз бе?

Сеніңіз, өйткені расымен солай. Бұл керемет қала Түркіменстан астанасы Ашхабад. Өзі Ашхабад, ал халқы ашқалат. Түркіменстан әлемдегі газға өте бай ел. Халқы бар-жоғы 6 млн. Газ қорынан 4-орын алатын Түркіменстан өз халқын балқытып, шалқытып тастауға мүмкіндігі бар, бірақ билігінің ниеті жоқ. Билігі - астанасын күні-түні әрлеп, сәндеп, мрамормен қаптап әлек. Тіпті мрамор бойынша Ашxабад Гиннесс рекордына кірген. Бірақ одан халқына келіп-кетер пайда жоқ.

Түркімен халқы дәп қазір таңғы төртте тұрып, нан алуға аттанады. Одан жай тұрса, дүкен алдындағы кезекте 100-інші болуы мүмкін. Өйткені елде нан жоқ.

Халық әр жерде отырып, сауда жасайды. Біреуі киімін сатады, енді бірі бұйымын. Себебі жұмыс жоқ. Сарапшылардың айтуынша жұмыссыздық тіпті 60% болуы да мүмкін, тек оны билік жасырып, жауып айтпайды. Салық пен шектеудің түр-түрі бар. Анша келі тамақ алма, мынша литр жанармай құйма және басқа. Банкоматтан ақша шешуде қиындық туындаған. Халық елден жаппай кету процесі басталғандықтан, шетелге жібермеу үшін шектеулер қойылуда. Қысқасы жағдайлары күн сайын қиындап барады.

Каспий жағасына Дубайға ұқсатып қала салуда

Дей-тұра әйгілі рэпер, шөп маманы, Ралли жұлдызы, түркменатор, спортшы, жазушы, сазгер, коронаемдеушіні халықтың жағдайы айтарлықтай қызықтыра қоймайды. Есесіне ол млрд-таған долларға ғимараттар салады, ескерткіштер қояды. Каспий жағасына Дубайға ұқсатып қала салуда. Оған бірақ адам баласы барып, демалмайды. Себебі виза алу қиын. Түркімен визасын алғанша, Марсқа билет сатып алу жеңіл шығар. Ашхабадта керемет ғимараттар бой көтеруде. Бәрі бос тұр. Себебі оны сатып алуға халықта қаржы жоқ. Ақыры түркімен халқы экстремистік көзқарастарды қолдауға мәжбүр болатын шығар. Себебі билік халқын ұмытқан сәтте, халыққа "жылуды" сондай арамза топтар бере бастайды. Басында әлеуметтік тұрғыдан, артынша саяси жолмен. Әдемі астанаңның барынан не пайда, аш халқың, қайыр тілеген жұртың болса, дейді пост авторы.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер