Отбасы күні: Текелі полициясы үлгілі қызметкерлерді құттықтады

12 Қыркүйек 2020, 18:09
Сурет: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Текелі қалалық полиция бөлімінің басшылығы мен қызметкерлері отбасы – бұл үй, ата-ана және жақын адамдар екенін тағы еске салды. Сонымен қатар бұл- қамқорлық және қуаныш . Бұл - махаббат пен бақыт. Отбасы - бүкіл өмір жалғасатын іргетас.

"Біз бәріміз отбасында туыламыз, ал ер жеткеннен кейін өз отбасымызды құрамыз. Біз Отбасы күнін ескеріп, Пак отбасын құттықтадық. Бұл отбасындағы ерлі-зайыптылар полиция қызметкерлері болып табылады. Маржан Пак бүгінде әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау инспекторы болып жұмыс істейді. Ол ішкі істер органдарында он жылдан астам уақыт қызмет етіп келеді және ол полиция капитаны. Бүгінде ардақты ана үш ұл тәрбиелеп отыр. Маржан- үлгілі қызметкер, мейірімді ана және адал жар. Оның күйеуі Юрий Пак та полиция қатарында қызмет етеді және бүгінде ол подполковник атағында", - деп ерекше атап өтті Текелі қаласының ПБ бастығы полиция полковнигі Ұлан Садыков.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?