АХҚО "Әкімшілігі" АҚ басқарма төрағасы тағайындалды

AIFC AIFC
Ернұр Бүркітбайұлы Рысмағамбетов 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ернұр Рысмағамбетов "АХҚО Әкімшілігі" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ернұр Рысмағамбетов Бүркітбайұлы 1986 жылы 28 сәуірде Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Калифорния технология университеті мен Лондон университеттік колледжінің түлегі, қаржы аналитигі маманы (CFA Charterholder).

2017-2019 аралығында АХҚО Үздіксіз кәсіптік даму бюросы (AIFC BCPD) директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан бастап "АХҚО Әкімшілігі" АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Бұрындары JP Morgan Chase инвестициялық банкі мен Wilshire Associates, Inc инвестициялық компаниясының аналитикалық бөлімдерінде еңбек етті.

2017 жылы "100 жаңа есім" жобасының бірінші толқынына енді.

2020 жылы Президенттік жастар кадр резервінде екінші орын алды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз