Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

"Қамыс арасына түнеген". Жамбыл облысында атымен жоғалып кеткен балақай табылды

Бала аман-есен, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Сурет : Жамбыл облыстық ПД16 Қыркүйек 2020, 16:30

Таразда 15 қыркүйекте жоғалып кеткен 7 жасар Рысбай Ерікті іздеу жұмыстары аяқталды. Бала аман-есен, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы табу бойынша ауқымды іздестіру іс-шараларын жеке өзі басқарды.

Баланы полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар Көкжиек ауылындағы қамыстан арасынан тапты, ол сол арада түнеп шыққан. Бұл - полиция мен балаға алаңдаған азаматтардың күш-жігерінің нәтижесі. Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын білдіреді, - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі.

Жамбыл облысының Мойынқұм ауданы Күшаман ауылының 7 жасар бала кеше сағат 15:00 шамасында үйінен атпен шығып кетіп, содан із-түссіз жоғалған. Баланы іздеуге 400-ден астам адам жұмылдырылды, олардың ішінде полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері және волонтерлар да бар. Сонымен қатар төтеншеліктердің тікұшағы мен жергілікті орман шаруашылығы кәсіпорындарының біріне тиесілі АН-2 ұшағы жа іздеу жұмысына қатысты.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер