Жаңалықтар тізбегі
0

Ауылдастар жалғызбасты анаға үй салып берді

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.09.2020 20:52 видеодан кадр
Осы күні Отырар ауданында әлеуметтік картаға енген 38 отбасы бар.

Түркістан облысындағы ауыл жастары асарлатып жүр. Отырар ауданы, Көксарай ауылының азаматтары осы елді мекендегі жалғыз басты анаға үй салып берген. Баспананы тұрғызып қана қоймай, оның ішін қажетті жабдықтармен де қамтамасыз етіпті. "Көп түкірсе көл"- деген осы болар. Ауыл жастарының бастамасын өзге елдімекендегі қатарластары да іліп әкеткен, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Қара шаңырақтың иесі Есенкүл әже бұл баспананы 40 жыл бұрын отағасы тұрғызғанын айтады. 5 қызын да осында дүниеге әкеліп, барлығын құтты орындарына қондырыпты. Өмір бойы трактор жүргізген жолдасы оншақты жыл бұрын қайтыс болған. Міне, содан бері, кейуана барлық ауыртпашылықты өзі көтеріп келеді. Ауық-ауық тұрмыстағы қыздары да қол ұшын созып тұрады. Әрбірінің үй-жайы бөлек болғандықтан, жаңа баспана тұрғызуға шамалары келмеген.

– Уақытында жүре беріппіз. Үй салу деген болмаған ба, білмеймін. Енді мынадай заманға тірелгенде, үй керек болды. "Әрі қарай не болар екен?" деп ойланып жүргенде, бір күні кірпіш келді, содан соң ағаш келді, – дейді Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаева.

Әжейдің тұрмыстық жағдайын ауылдастары жақсы біледі. Қарияның өз күшімен баспана тұрғыза алмасын түсінген ауыл жастары тұрғын үй салып беруді ойластырыпты. Сөйтіп, 1995 жылғы жігіттер ескі үйдің жанынан болашақ баспананың ірге тасын қалаған. Оны бітірісімен, "эстафетаны" кейінгі жастарға табыстапты.

"Көксарай ауылында Есенкүл апамызға арналған үйдің іргетасын тұрғыздық. Оны әрі қарай жалғастыруды 1996 жылы туған інілерімізге, 1994 жылғы ағаларымызға жолдаймыз".

Бұл жолдауды ауыл жастары қолдай кеткен. 1982-ден бастап 1998 жылға дейінгі жігіттер қаржы жинап, еңселі үйдің қабырғасын көтерген. Кейінен жабылып жүріп, шатырын жауыпты. Бас-аяғы 4-5 айдың ішінде 4 бөлмелі үйдің құрылысы да аяқталған.

– Адамдардың көпшілігі, әсіресе жастар құмарлықпен көкпар, футбол өткізгіш болып кетті. Жастарды осындай жақсы істерге баулу мақсатында осы жобаны бастаған болатынбыз. Әр жылғылардан 30-40 азамат бар. Олар 3-4-5 мыңнан жиналып, кейбірі 200-300 мыңнан берді. 4 млн-нан аса ақша жиналды. Сол қаражатқа осы үйді тұрғыздық, – деді Көксарай ауылының тұрғыны Дархан Қайназарұлы.

Халқымызда "игі істің басына жақсы келер қасына" деген қанатты сөз бар. Көксарайлық жігіттердің бастамасын көрші Шеңгелді ауылының жастары да жалғастырды. Мектеп бітіргендеріне он жыл болған түлектер елді мекендегі Раушановтар отбасына үй салып берген. Өйткені, отағасы мен отанасы 3-ші топтағы мүгедек екен.

Осы күні Отырар ауданында әлеуметтік картаға енген 38 отбасы бар екен. Демеушілердің есебінен 10 жанұя биыл баспаналы болған. Ескірген тағы екі үй күрделі жөндеуден өткізілді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: