Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Болашақта маска тағу жаңа мәдениетке айналады – қазақ профессоры

Маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін едәуір төмендетуі мүмкін.

Сурет : РИА Новости / Сергей Пятаков17 Қыркүйек 2020, 15:20

Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн-сұхбат барысында Қазақстанның профилактикалық медицина Академиясының президенті Алмаз Шарман әлемдегі COVID-19 індетінің өршуіне байланысты алматылықтарға бірқатар ұсыныстар айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Алмаз Шарман барлық сақтық шараларын сақтаудың маңыздылығын атап, маска тағу мәселесіне ерекше назар аударды.

"Болашақта бұл (маска тағу) жаңа мәдениетке айналады. Әрине, көптеген адамдар үшін маска ыңғайсыздық тудырады. Бірақ соған қарамастан, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде пандемиядан бұрын көптеген адамдар маска тағып жүретінін көрдік. Көптеген халықаралық сарапшылар маска тағу пандемияның екінші толқынының қаупін едәуір төмендете алатын өте маңызды фактор деп санайды. Сондықтан барлығына маска тағып жүруге кеңес беремін", - деді ол.

Сонымен бірге, профессордың айтуынша, маска тағу мәдениетін арттырып, дұрыс тағу керек. Ауызды ғана емес, мұрынды да жабу керек. Өйткені ауада жүретін вирустың мұрын мен көздің шырышты қабаттарына ену ықтималдығы жоғары.

"Маска, әрине, инфекциядан 100% қорғамайды. Бірақ вирустық жүктемені айтарлықтай төмендетеді, яғни маска арқылы енетін вирустар санын азайтады. Саны аз болса, ол ауруды тудырмайды. Бірақ иммундық қорғанысымызды күшейтуі мүмкін. Біз вирустың жоғары дозасына тап болған кезде иммундық жүйеміз дайын болады", - деп бөлісті ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер