Қазақтың қайраткер әйелдері туралы энциклопедия шықты

Қыздар университеті Қыздар университеті
Жинақта оқу орнында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған.

Алматыда халқымыздың қайраткер әйелдері туралы энциклопедия жарық көрді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ұлттың ұлағатты ұясы" атты анықтамалық-танымдық жинақ Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің бастамасымен шықты.

Кітапта еліміздегі педагог кадрларын даярлайтын іргелі орталықтың бірі – Қыздар университетінің еліміздің ғылым, білім беру және мәдениет саласында елеулі еңбек етіп жүрген түлектерінің азаматтық келбеті, олардың атқарған қызметтері мен игілікті істері кеңінен баяндалған.

"Жинақта оқу орнында атқарылған ауқымды жұмыстар мен жетістіктер де топтастырылған. Кітап "Тарих. Таным. Таразы", "Парасат мектебі: бүгіні мен болашағы", "Тұлғалар", "Ғалымдар", "Ұстаздар" және "Ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері" атты бөлімдерден тұрады. Азаматтық келбеттері оқырман назарына ұсынылған түлектердің қатарында Күләш Құнантаева, Шәмша Беркімбаева, Оразкүл Асанғазы, Асылы Осман, Ақұштап Бақтыгереева сынды мемлекет және қоғам қайраткерлері бар", – деп атап өтті кітаптың құрастырушысы әрі бас редакторы Жандар Асан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз