Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Қазақстан биыл Ресей, Беларусь және Өзбекстанға 4700 көлік экспорттады

Бүгінде Қазақстанда әрбір екінші сатып алынған автомобиль - отандық өнім.

Сурет : баспасөз қызметі18 Қыркүйек 2020, 11:25

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов "2019-2025 жылдарға арналған машина жасауды дамыту жөніндегі жол картасын" іске асыру туралы баяндамасында 2019 жылдың қорытындысында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1 трлн 472 млрд теңгені құрағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Биылғы 8 айда өндіріс көлемі 16,3% артып, 341,2 млрд теңге сомаға 45 мың автомобиль өндірілді. Мемлекет пен бизнестің бірлескен жұмысы нәтижісінде 367 млрд теңгеге 128 жоба табысты іске асырылып, 16 мың жұмыс орны ашылды.

Бүгінде Қазақстанда әрбір екінші сатып алынған автомобиль - отандық өнім. Бұл - бірлескен жұмыстың жақсы көрсеткіші. Қазақстандық автоөндіріс өнімдері экспортқа шығарыла бастады. Жыл басынан бері Ресей, Беларусь және Өзбекстанға 4700 көлік экспортталды, деді ол.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер