Жаңалықтар
Басқа бұқаралық ақпарат құралдарында
Загрузка...
Читайте также

Лукашенко Литва және Польшамен шекараны жауып жатыр

Еуропарламент Александр Лукашенконың сайлауда жеңіске жеткенін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сурет : belta.by18 Қыркүйек 2020, 11:42

Беларусь Литва және Польшамен шекараны жабады. Украинамен шекараны күшейтеді. Осылай деп Беларусь президенті Александр Лукашенко мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

"Біз көшелерден әскерді шығарып, батыспен шекараны жабуымыз керек", – деп мәлімдеді Лукашенко әйелдер форумында сөйлеген сөзінде. Осылай деп Азаттықтың беларусь қызметі хабарлады.

Лукашенко сөйлеген сөзінде өзге елдердің сайлауды мойындауын қажет етпейтінін айтып, ОМОН өкілдеріне наразылық акциясы кезіндегі әрекеттері үшін мақтау айтты.

9 тамызда өткен президент сайлауының жеңімпазы Александр Лукашенко деп жарияланғаннан кейін елде үздіксіз наразылық шаралары өтіп келеді. Сайлау қорытындысы бұрмаланды деп санайтын наразылар Лукашенко отставкасын және демократия талаптарына сәйкес сайлау өткізуді талап етіп отыр.

Қарсылық акциялары кезінде оппозицияның бір бөлігі билік тарапынан жасалынған қудалаудан қауіптеніп, елден кетуге мәжбүр болды.

Еуропарламент Александр Лукашенконың сайлауда жеңіске жеткенін мойындамайтынын мәлімдеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:
Қазір оқулыда
Басқа жаңалықтар
Загрузка...
Жаңалықтар мұрағаты
ДүСейСәрБеЖұСенЖе
Соңғы пікірлер
Соңғы пікірлер